27.02.2008, 12:26 1615

Өскемен мектептерінде өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде оқу құралы бойынша сабақ беріле бастады

Өскемен мектептерінде өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде оқу құралы бойынша сабақ беріле бастады

Өскемен. 26 ақпан. "Қазақстан бүгін" - Өскемен мектептерінде өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде оқу құралдары бойынша сабақ беріле бастады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының өртке қарсы қызметі департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Өмір қауіпсіздігі негіздерінде өрт қауіпсіздігін сақтау тәсілдері жазылмағандықтан, 5-11 сынып оқушылары үшін өрт сөндіру қауіпсіздігі негіздері ретінде жаңа оқу құралы шығарылды", - деді баспасөз қызметінде.

Департаментте атап өткеніндей, оқу құралының авторы Ирина Гриценгердің еңбегі ҚР әділет министрлігінің жеке меншік зияткерлік құқық жөнінде комитетінде тіркелді.

Оқу құралы эксперименталды түрде Өскеменнің №№ 10, 15 и 24 үш мектебінде өтіп жатыр "Ұсынылып отырған оқу құралы өрт қауіпсіздігі кезіндегі тәртіп пен мәдениетті дамытуға арналған. Құралда негізінен қауіпсіздік шараларын үйде, қоғамдық жерлерде, ғимараттың ішінде, орманда, көлікте сақтауға арналған. Онда сондай-ақ, өрттің химиялық физикалық процесі де қысқаша жазылған. Өрттен таралатын түтін, одан шығарылатын зиянды заттар және адам өміріне қауіпті басқа да факторлары толық жазылған", -дейді мамандар.

Департаментте атап өткеніндей, "оқу құралын пайдалану кезінде оны жетілдіру мақсатында қосымша бағдарламаға ұсыныстар енгізілуі мүмкін, ал қорытындысында бағдарламаның тиімділі бағаланып, оны одан әрі қолдану мәселесі шешілетін болады".

"Мұндай бағдарламаның қазеттігін өмірдің өзі көрсетіп отыр.Статистикалық мәліметтер бойынша, бала жайбарақаттылығынан өрт пен түтіннен көп жағдайлар олардың өздері құрбан болып жатады.", - деп атап өтті баспасөз қызметі. Департаменттің ақпараты бойынша жыл сайын, ШҚО 2 мыңнан аса өрт болып, онда 50 ден аса адам қаза болып жатады. Ал пайда болған әрбір 10 шы өрт баланың от пен ойнаған әрекетінен туындайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны