17.09.2007, 16:32 1425

Өскемен мен Семейде құрылысқа арнап жер телімін бөлуде бірқатар өрескел заң бұзушылықтардың беті ашылды

Өскемен мен Семейде құрылысқа арнап жер телімін бөлуде бірқатар өрескел заң бұзушылықтардың беті ашылды.

Өскемен. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін". - Өскемен мен Семейде құрылысқа арнап жер телімін бөлуде бірқатар өрескел заң бұзушылықтардың беті ашылды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Шығыс Қазақстан облысы әкімінің атына қалада жер телімдерін бөлу мен құрылыс нысандарын салуда жол беріліп жатқан заң бұзушылықтар жөнінде көптеген арыз-шағымдар келіп түсуде. Осыған байланысты облыс әкімінің бұйрығымен жұмыс тобы құрылды", -дейді баспасөз қызметіндегілер.

Шағымдардағы деректерді қарай келе жұмыс тобы бірқатар өрескел заң бұзушылықтарды анықтады. Атап айтсақ, құрылыс-монтаж жұмыстарына рұқсатты құжаттар топтамасы дайын болмай тұрып беру, жер телімі мен жобасы жасалынушы нысанның мақсаты сай келмеу деректері анықталды. Сонымен бірге, жер телімін таңдау барысында экологиялық қызметтің оң қорытындысын алмау, жобаны жол полиициясы бөлімімен келіспеу, жер комиссиясы жер телімін беру жөніндегі шешімді жер телімін зерттеу және таңдау жөніндегі актісіз шығару деректері анықталған.

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов жұмыс тобының жетекшісі, облыс әкімінің орынбасары Иван Белихинге тексеру материалдарын құқық қорғау органдарына жіберуге тапсырма берді. Сонымен бірге жұмыс тобына жер телімдерін беру мен құрылыс салудағы заң бұзушылықтар туралы өтініштерді одан әрі тексеру тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны