27.03.2012, 10:03 3540

Өскемен - Солтүстік тас жолының 32 шақырымында қар көшкіні жүрді

Қар көшкіні жолдарды жартылай бөгеп қалған. Осыған қарамастан көлік қозғалысы тоқтатылған жоқ.

Астана. 27-наурыз. Kazakhstan Today - Өскемен - Таулы Үлбі - Солтүстік күре жолының 32-ші шақырымында 200 текшеметр көлемінде өздігінен қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қар көшкіні жолдарды жартылай бөгеп қалған. Осыған қарамастан көлік қозғалысы тоқтатылған жоқ.

"Қазселденқорғау" мекемесі жергілікті қауіпті жол учаскелерін бақылауды жалғастыруда. Өңірдің таулы аймағында қар көшкіні жүру қаупі әлі де сақталуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны