22.09.2008, 17:40 2950

Өскеменде 25 қыркүйекте "Инвестициялар - табысты дамудың негізі" тақырыбында IV өңірлік инвестициялық форум өтеді

Өскеменде 25 қыркүйекте "Инвестициялар - табысты дамудың негізі" тақырыбында IV өңірлік инвестициялық форум өтеді

Өскемен. 22 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде 25 қыркүйекте "Инвестициялар - табысты дамудың негізі" тақырыбында IV өңірлік инвестициялық форум өтеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі ШҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына сілтеме жасап.

"Форумның басты міндеттерінің бірі - кәсіпкерлер, инвесторлар, өнертапқыштар, ғалымдар мен мемлекеттік қызметкерлер арасында диалог алаңын құру. Басты мақсаты - инвестициялық процесстерді жандандыру, Шығыс Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тұрғыда белсенді ілгерілеуіне жағдай жасай алатын басымдық берілген серпінді жобаларды жүзеге асыруға инвестициялар тарту", -делінген хабарламада.

Форум аясында Шығыс Қазақстанның инвестициялық әлеуетінің көрмесі, инвесторлар биржасы, жобалар жәрмеңкесі, инвестициялар аукционы өтеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны