06.05.2008, 19:48 5041

Өскеменде 9 мамырда Жеңіс жаңа даңғылы бойынша көлік қозғалысы ашылады

Өскеменде 9 мамырда Жеңіс жаңа даңғылы бойынша көлік қозғалысы ашылады

Өскемен. 6 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде 9 мамырда Жеңіс жаңа даңғылы бойынша көлік қозғалысы ашылады. Бұл туралы агенттік тілшісіне қала әкімдігінің баспасөз қызметінде хабарлады.

Қала ішіндегі ені 50 метрге созылатын жаңа жол төрт жолақты қозғалысқа арналған. Сондай-ақ, 40 метрлі саябақ және жасыл желек жолағы да қарастырылған.

" Қаладағы негізгі көлік жолдарын босататын жаңа даңғылы құрылысы екі жылдан бері жүргізілуде. Қозғалысты бұдан бұрын ашуға мүмкіндік болмады. Өйткені жаңа көшенің жолында сәулет ескерткіші болып саналған Кожевников көпесінің үйі орналасқан. Мемлекеттік республикалық арнайы комиссиясының шешімімен 24 сәуірде бұл ғимарат жергілікті мәдени маңыздылығы бар және тарихи ескерткіш тізімінен алынып тасталды", -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазіргі күні үйдің құнды болған элементтері алынып үй бұзылуда. Биылғы жылы аймақтық тарихи және мәдени тізімнен 100-ден аса нысан шығарылады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша облыстық өнер мұражайы қасында бірегей құрылыс бөлшектері пайдаланылған үйдің көшірмесі тұрғызылады. Онда көрме залы, мұражай қоры орналастырылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны