12.01.2007, 14:58 3051

Өскеменде алғаш рет жасөспірімдерге алкогольдік өнімдерін сатқаны үшін кәсіпкерлік лицензиясы тоқтатылды

СЕМЕЙ. 12-қаңтар. Kazakhstan Today. Өскеменде алғаш рет спиртті сусындар сатуға рұқсат беретін мемлекеттік лицензия тоқтатылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Өскемен ІІБ баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Өскемен әкімшілігінің кәсіпкерлік бөлімі қалалық ІІБ-ның өтінішімен жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануға берілген мемлекеттік лицензиясын тоқтатты. Аты-жөні әзірге айтылмай отырған жеке кәсіпкердің жасөспірімдерге алкогольдік өнімдер сатқан айыбы бірнеше рет анықталған.

"Мұндай шара жасөспірімдерге дүкендердегі сатушылары спирттік сусындар сатқаны үшін екі рет әкімшілік жауапқа тартылған жеке кәсіпкерлердің барлығына да қолданылатын болады",- деді баспасөз қызметінің қызметкері Думан Махамбетова.

Баспасөз қызметінде хабарлағандай, 2006 жылы 28 сатушы жасөспірімдерге спирттік сусындар мен темекі сатқандары үшін әкімшілік жауапқа тартылған. Өткен жылы жасөспірімдер мас күйінде 11 қылмыс жасаған.

"Спирттік сусындар мен темекі сату ережесін сақтауды тексеруге қатысты үнемі жүргізіліп тұратын рейдтік іс-шараларға қарамастан, осы өнімдердің жасөспірімдерге сатылуы полицейлер үшін ең маңызды проблемалардың бірі болып отыр",- деді Д. Махамбетова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны