16.03.2007, 18:55 3358

Өскеменде анасы мен қызы өз-өздеріне қол жұмсады

СЕМЕЙ. 16-наурыз. Kazakhstan Today. Өскеменде жаңжалдасып қалған анасы мен қызы өз-өздеріне қол жұмсады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, 15 жасары қыз шешесімен оның сабақты жақсы оқу керек деген ақыл айтқаны үшін кикілжіңдесіп қалған. Мектепте оқитын қыз пәтерден жүгіріп шығып, көрші үйдің тоғызыншы қабатына көтеріліп, төменге секіріп кеткен.

"Қыздың анасы осы кезде қызын іздеп артынан жүгіріп шыққан. Сөйтіп қызының тоғызыншы қабаттан құлағанын өз көзімен көрген",- деді баспасөз қызметіндегілер. Полицейлердің айтуынша, қызының өліміне өзін кінәлі деп санаған әйел де әлгі үйдің тоғызыншы қабатына көтеріліп, оның терезесінен секіріп кеткен.

Баспасөз қызметінде атап көрсетілгендей, аталмыш оқиға тұрмыстық жаңжалдың негізінде өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы деп саналып отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны