06.01.2015, 15:11 4364

Өскеменде автобус өртенді

2015 жылдыӊ 6 қаӊтары күні таӊертеӊ Өскемен автопарктерініӊ біріндегі гаражда "Scania" автобусы өртеніп кетті

Өскемен. 6 қаӊтар. Kazakhstan Today - 2015 жылдыӊ 6 қаӊтары күні таӊертеӊ Өскемен автопарктерініӊ біріндегі гаражда "Scania" автобусы өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Өрт кезінде автобус салонында болған жүргізушіге иіс тиіп, ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

Өрт таӊғы сағат 6-да басталған. Салон қаптамасы, орындықтары мен дөӊгелектердіӊ тыстары өртенген. Өскемен ТЖ басқармасыныӊ ақпаратына сәйкес, өрт аумағы 20 шаршы метрді құрады. Өрт кезінде автобус ішінде 49 жастағы жүргізуші болған.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды жарты сағатта ауыздықтады.

Қазіргі таӊда "Scania" көлігініӊ неден өртенгені анықталуда.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны