24.07.2008, 17:41 2832

Өскеменде бағаның шарықтауын тоқтатуға арналған қосымша шаралар қабылданды

Өскеменде бағаның шарықтауын тоқтатуға арналған қосымша шаралар қабылданды

Өскемен. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде инфляциялық үрдістерді тұрақтандыру және бағаның шарықтауын тоқтатуға арналған қосымша шаралар қабылданды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Атап айтқанда, негізгі тамақ өнімдерінің баға деңгейін бақылау үшін қаланың әртүрлі жерлеріндегі сауда орындары мен қала базарларына күнделікті мониторинг жүргізілуде. "Баға деңгейін объективті бағалау мақсатында айына 4 мәрте сауда орындарына жасалатын бақылау орындарын өзгертуге шешім қабылданды. Бұл қаланың 411 сауда нүктесіне немесе олардың 49 пайызына мониторинг жасауға мүмкіндік береді", - деп хабарлады Өскемен әкімшілігі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны