13.04.2007, 14:24 4761

Өскеменде бірінші қазақ театры салынады

ӨСКЕМЕН. 13-сәуір. Kazakhstan Today. Өскеменде бірінші қазақ театры салынады. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов өңір зиялыларымен кездесуде мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ж.Кәрібжановтың айтуынша, Өскемендегі музыкалық-драма театры екі жылдан кейін салына бастайды. Бастапқыда онда көрерменге 600 орын қарастыру межеленгенімен, артынан, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің айтуынша, залды тағы да 200 адамға ұлғайту ұйғарылды. Қазір жобалық-сметалық құжаттарға ғимарат өлшемдерін ұлғайту бағытында тиісті өзгерістер енгізілуде.

Қазақ театрында тек қазақ тіліндегі қойылымдар ғана емес, сонымен бірге түрлі мерекелік шаралар мен шоу бағдарламалар да қойылатын болады.

Ж.Кәрібжановтың пікірінше, мұндай театр Шығыс Қазақстанға қажет.

"Біз тіл мәдениетін одан әрі қалыптастырып, мемлекеттік тіл мен мемлекеттік нышандарға деген құрмет-ілтипатқа тәрбиелеуге тиіспіз",- деді ол.

Қазақ театры Ертістің сол жақ жағалауында салынады.

Қазір Өскеменде жалғыз театр - Жамбыл атындағы облыстық драма театры бар. Қазақ және орыс труппалар бір ғимаратта жұмыс істеп, бір ғимаратта қойылымдарын қояды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны