01.04.2010, 15:06 3366

Өскеменде Ертісте мұздың үстінде қалған төрт мектеп оқушысы құтқарылды

Өскеменде Ертісте мұздың үстінде қалған төрт мектеп оқушысы құтқарылды

Семей. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Өскеменде Ертісте мұздың опырылуы салдарынан өзеннің ортасында қалып қойған төрт мектеп оқушысы құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Өскемен қалалық Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасап.

"Қаладағы бір мектептің оқушылары экстремалдық ойын ойнау үшін Ертіске шыққан. 14 жасар ұл балалар опырылған мұздың үстінде еш алаңсыз қалқып жүрген. Бірақ мұз біртіндеп жағалаудан алыстап, өзеннің ортасына қарай жылжып кетеді. Бір қуанарлығы, олар қалалық Төтенше жағдайлар басқармасы орналасқан маңға жақын болған. Оларды басқарма қызметкерлері байқап қалады. Оқиға орнына басқарманың екі қызметкері келіп жетті. Балалар 15 минуттан кейін жағалауға шығарылды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны