26.01.2012, 14:55 6256

Өскеменде қаңтар айында 27 адамды үсік шалған

Өскеменде жедел медициналық жәрдем ауруханасына жыл басынан күшті аязға байланысты 27 адам түскен. Бұл туралы қаланың жедел медициналық жәрдем ауруханасынан хабарлаған.

Өскемен. 26-қаңтар. Kazakhstan Today - Өскеменде қаңтар айында 27 адамды үсік шалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Өскеменде жедел медициналық жәрдем ауруханасына жыл басынан күшті аязға байланысты 27 адам түскен. Бұл туралы қаланың жедел медициналық жәрдем ауруханасынан хабарлаған.

Олардың басым бөлігі тұрғылықты жері жоқ тұлғалар мен ішімдікке сылқия тойып алған мас азаматтар, деп атап өтті ақпарат көзі.

Қаңтарда ЖМЖА 2 және 3 дәрежелі үсiкті көбірек анықтаған. Мұндай жағдайда үсік шалған жерде көпірік пайда болып, сұйықтық толады, тері жансызданады.

Дәрiгерлер тiптi үсiк шалған жағдайда не істеу керектігін қалалықтардың есіне салды. Олар үсік шалған адамды жылы бөлмеге кіргізуді ұсынады. Зардап шегушіні бірте-бірте жылыту керек деген екұшты пікір дұрыс емес. Дененiң үскен бөлігін жылдам жылытып, бұзылған қан айналымын қалпына келтiру керек.

Уқалауды үскен жер қызармай тұрып жасау керек. Үскен жерді қармен ысқылау әдісі денсаулыққа тек зиян келтіреді, өйткені қар теріні одан сайын суытады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны