19.05.2010, 11:46 1657

Өскеменде кәріз қақпақтардың ұрлығы көбеюге байланысты қара және түсті металл қалдықтарын заңсыз қабылдаумен шұғылданып келген 11 орын жабылды

Өскеменде кәріз қақпақтардың ұрлығы көбеюге байланысты қара және түсті металл қалдықтарын заңсыз қабылдаумен шұғылданып келген 11 орын жабылды

Семей. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Өскеменде кәріз люктерінің ұрлығы көбеюге байланысты қара және түсті металл қалдықтарын заңсыз қабылдаумен шұғылданып келген 11 орын жабылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Өскемен әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Кейінгі екі айда біз тәртіп сақшыларымен бірге қара және түсті металл қалдықтарын заңсыз қабылдаумен шұғылданып келген 11 орынды жаптық. Біз бұнымен шектеліп қалмаймыз", - деді "Өскемен-Водоканал" кәсіпорнының директоры Ержан Иубәкіров.

""Өскемен-Водоканал" қалалық коммуналдық кәсіпорны кәріз құдықтарының қақпақтарын ұрлауға байланысты ұлығаусар шығындарға ұшырауда. Өткен жылы компания осы себеппен 12 млн 900 мың теңгенің шығынын шекті. Ұрланған қақпақтар қара және түсті металл қалдықтарын заңсыз қабылдаумен шұғылданатын орындарға тапсырылады. Жаңа кешеннің құны 32 мың теңге болса, олар оны орта есеппен 800 теңгеге тапсырады. Біз бен қала тұрғындарының шегіп жатқан шығындарын осыған қарап есептей беріңіздер", - деді ол.

Оның айтуынша, бұған қоса, "бүгінгі күні құқық қорғау органдарында бар ақпаратқа сәйкес Өскеменде заңсыз қабылдау орындары жабылуға байланысты құдықтардың қақпақтары Зыряновск, Семей, Риддер және Шемонаиха секілді басқа қалаларға "кетіп жатыр"".

Ағымдағы жылдың наурыз айында қылмыстарды азайту жөніндегі мекемеаралық комиссияның жұмысының шеңберінде қақпақтар ұрлығы проблемасын шешу іс-шараларының кешені дәйектелді. "Біз мобильді топтарды кезекшілікке шығардық, оның құрамына біздің мамандар, криминалдық және жол полициясының мамандары енді. Біздің көліктермен түрлі бағыттарда қаланы аралап жатырмыз", - деді Е. Иубәкіров.

Оның хабарлауынша, проблеманы шешу мақсатында "Өскемен-Водоканал" ҚКК біртіндеп металл қақпақтардан оның құмды-полимерлік баламаларына ден қоя бастады. "біріншіден, олар металл және басқа да нарықта сұранысқа ие емес. Екіншіден, бұл - Қазақстандағы өндіріс, олар Астанада жасалуда. Тиісінше, "Жол картасы" аясында біз Қазақстандық үлесті ұлғайтып жатырмыз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны