09.04.2007, 15:00 3325

Өскеменде мобильді топ қоқыс төгетін орындарды анықтап, заң бұзушыларды іздейтін болады

ӨСКЕМЕН. 9 - сәуір. Kazakhstan Today. Өскеменде арнайы құрылған мобильді топ бүгіннен бастап Өскеменнің тазалық жағдайын қадағалайтын болады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Өскемен әкімшілігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Шығыс Қазақстан облысы орталығының көшелері мен аулаларындағы тазалықты сақтауды бұдан былай әкімшіліктің ұйымдастырған көшпелі мобильдік топ қадағалайды",- деп хабарлады әкімнің баспасөз хатшысы Гүлфариза Рамазанова. "Бұл топтардың құрамында тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және көлік жолдары бөлімінің, мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мамандары, сонымен қатар ішкі істер басқармасының қызметкерлері жұмыс істейді",- деп хабардар етті ол.

"Олардың міндеттеріне Өскеменнің тазалық жағдайын тексеру, заңсыз қоқыстар төгуді анықтау кіреді. Сонымен қатар, олар өздері жүргізген рейд барысында үй аулаларында қоқыс салғыштар мен контейнерлер бар немесе жоқ екендігін белгілейді",- деді Г. Рамазанова.

Бүгін Өскеменде санитарлық тазалаудың екі айлығы басталады. Қалада маусымға дейін үлкен жұмыстар атқару жоспарлануда: аулаларды тиісті санитарлық ахуалға жеткізу, қоқыстарды жою, жөндеу жұмыстарын жүргізу және қаладағы барлық қоршауларды бояу.

Қала әкімінің баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, Өскеменде жыл сайын 100 мың тоннаға дейін қатты тұрмыстық қалдықтар жиналады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны