19.06.2008, 10:22 1647

Өскеменде нанотехнология бойынша халықаралық конференция өтеді

Өскеменде нанотехнология бойынша халықаралық конференция өтеді

Өскемен. 19 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменде 24 - 25 маусымда Қазақстан, Ресей және Жапония елдерінің өкілдерінің қатысуымен нанотехнология бойынша халықаралық конференция өтеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

"Халықаралық ғылыми конференцияны өткізу Жапония, Ресей мен Қазақстанның нанотехнология мен материалды игеру саласындағы ұзақ мерзімдік ынтымақтастыққа қызығушылық танытқан ниеттерінен туындаған", - деп түсіндірді баспасөз қызметі.

Конференция жұмысына Жапония, Германия, Оңтүстік Корея, Ресей, Беларусь, Украина, Қырғызстан мен Қазақстанның жетекші ғалымдары мен бизнес өкілдері қатысады деп күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны