30.11.2009, 16:29 8338

Өскеменде тек биылғы бірінші жарты жылдықтың өзінде атмосфераны ластау индексі екі пункте ұлғайды

Өскеменде тек биылғы бірінші жарты жылдықтың өзінде атмосфераны ластау индексі екі пункте ұлғайды

Өскемен. 30 қараша. Kazakhstan Today - Өскеменде тек биылғы бірінші жарты жылдықтың өзінде атмосфераны ластау индексі екі пункте ұлғайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тиісті мемлекеттік құрылымдардың басшылары өткен аптада Өскемен қаласының атмосфералық ауасынның сапасын жақсарту жөніндегі атқарылып жатқан іс-шаралар жайында облыс әкімінің алдында есеп берді.

Олардың баяндамаларын тыңдаған облыс әкімі осы бағыттағы жұмыстың жөнді ұйымдастырылмағанын, ауаға кететін шығарындыларды бақылау әлсіз екенін айтты.

"Қала ішінде, әсіресе демалыс күндері, тыныс алу мүмкін емес. Бұл мәселе еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейінгі әрбір қалалықты мазалап отыр. Біз атқарушы билік ретінде тиісті шарларады қолға алуымыз қажет", - деп атап көрсетті Бердібек Сапарбаев. 2002-2008 жылдар аралығында облыс орталығы бойынша ауа шығарылған ластаушы заттардың жалпы көлемі 107,5 мың тоннадан 65,167 мың тоннаға дейін, яғни 1,7 есе азайған. Дегенмен қалалықтардың тыныс алу жағдайы жақсарған жоқ.

Тек биылғы бірінші жарты жылдықтың өзінде атмосфераны ластау индексі екі пункте ұлғайды. Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының мәліметі бойынша, ауаны ластап отырған негізінен металлургиялық және энергетикалық кәсіпорындар. Олар шығарындыларды азайтуға ақша бөліп жатырмыз дегенді үнемі алға тартады. Алайда, өмір көрсеткендей, олардың атқарған шараларының тиімділігі шамалы. Айталық, өткен жылы қаладағы кәсіпорындардың бірі осы мақсаттарға 390 млн теңге бөлген. Алайда күкірт ангидридінің көлемі бар болғаны 20 тоннаға, яғни 0,07%-ға ғана азайған. Осы орайда кәсіпорындар министрлік бекіткен лимиттерден асқан емес.

Облыс әкімінің пікірінше, жағдайды түбегейлі өзгерту қажет. Ал негізгі жұмысты аталған лимиттердің көлемінен бастау керек. Ол үшін нақты ұсыныстарды әзірлеп, салалық министрлікпен жұмыс істеу қажет, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны