11.05.2016, 09:50 3638

Өскеменде тонаушы 92 жастағы ардагерді соққыға жықты

Өскеменде Жеӊіс күні мас ер адам майдангердіӊ пәтеріне кіріп, зейнеткерге ауыр жарақаттар салды. Одан кейін ардагердіӊ медальдарын алып кетті. Полиция тонаушыны анықтағанда, қаскүнем айғақ дәлелдерді жасырмақ болып, Ұлы Отан соғысы ардагерініӊ наградаларын унитазға шайып жіберді

Өскемен. 11 мамыр. Kazakhstan Today - Өскеменде Жеӊіс күні мас ер адам майдангердіӊ пәтеріне кіріп, зейнеткерге ауыр жарақаттар салды. Одан кейін ардагердіӊ медальдарын алып кетті. Полиция тонаушыны анықтағанда, қаскүнем айғақ дәлелдерді жасырмақ болып, Ұлы Отан соғысы ардагерініӊ наградаларын унитазға шайып жіберді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

ШҚО ІІД-ніӊ ақпаратынша, жұртты дүрліктірген оқиға 9 мамыр күні сағат 16:00 шамасында орын алған. 92 жастағы ардагер дүкеннен үйінен оралып келе жатты. Кіреберісте артынан белгісіз ер адамныӊ келе жатқанын байқаса да, оған мән бере қоймады. Зейнеткер пәтерініӊ есігін ашқанда, белгісіз ер адам майдангерді итеріп, үйіне кіріп кетті. Одан кейін ардагерді бетінен соғып жіберді. Егде жастағы ер адам есінен танып қалды, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

"Сол кезде қаскүнем майдангердіӊ үйінде көрінетін жерде сақтаған бес мыӊ теӊге мен медальдарын алып кетті. Қарт Ұлы Отан соғысына қатысқаны үшін берілген төрт наградасын төр бөлменіӊ қабырғадағы кілеміне іліп қойған. Тонаушы құнды заттарды алып, үйде шығып кетті. Абырой болғанда, егде жастағы ер адам есін жинап, туыстарына телефон шалды. Өз кезегінде олар жедел жәрдем мен полицияға хабарлады", - деп баяндады ШҚО ІІД баспасөз қызметініӊ басшысы Бақытжан Торғаев.

Жедел жәрдем дәрігерлері жәбірленген майдангердіӊ бас миыныӊ шайқалуы мен көптеген соққыларды анықтады. Зейнеткер шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. Тәртіп сақшылары тонаушылық жасауда күдіктіні іздеуге кірісіп, оныӊ ізіне түсті. Ардагерге шабуыл жасаған ер адам кіреберіске кездейсоқ кірмегені анықталды. Ол зейнеткердіӊ пәтерініӊ жоғары қабатында тұратын көршілеріне қонаққа бара жатқан. Полиция қызметкерлері оны сол үйден тапты. Күдікті полицейлердіӊ оны ұстауға келгенін сезіп қалып, жуынатын бөлмеге кіріп, ардагердіӊ медальдарын унитазға шайып жіберген. Ұсталған ер адамныӊ кінәсін дәлелдеу үшін, полицейлерге айғақ дәлелдерді кәрізден алып шығуға тура келді.

"Абырой болғанда, барлық төрт медаль құтқарылды. Біздіӊ қызметкерлеріміз қаскүнемніӊ ардагерден ұрлаған бес мыӊ теӊгені де қайтарып алды. Қарт наградалары үшін қатты уайымдаған еді. Ардагер медальдары табылғанда өте қатты қуанды", - деп әӊгімеледі Бақытжан Торғаев.

ШҚО ІІД-нен хвбарлағандай, майдангер дәрігерлерден оны ауруханадан шығаруын сұрап отыр, оныӊ денсаулығына еш қауіп төніп тұрған жоқ.

Зомбылықпен бірге тонаушылық жасауда күдікті деп танылған адамға келсек, қазіргі кезде оны қамауға алу мәселесі шешіліп жатыр. Егер ер адамныӊ кінәсі дәлелденсе, ол жеті жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны