18.10.2012, 10:08 2998

Өскеменде Жастар саясаты жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтеді

Пленарлық отырыстың басталуының алдында Шығыс Қазақстанның жастар ұйымдары мен аймақтың ішкі саясат басқармасының "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" жанындағы "Демеу" кадрлық агенттігінің қызметінің тұсаукесері өтетіні жоспарлануда.

Өскемен. 18-қазан. Kazakhstan Today - Өскеменде ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХІІ көшпелі отырысы өтеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Пленарлық отырыстың басталуының алдында Шығыс Қазақстанның жастар ұйымдары мен аймақтың ішкі саясат басқармасының "Жастар бастамаларын дамыту орталығы" жанындағы "Демеу" кадрлық агенттігінің қызметінің тұсаукесері өтетіні жоспарлануда.

Кеңес жұмысының екінші күнінде, 19 қазанда студенттермен, жұмыс істеп жүрген жастармен және спортшылармен кездесулер өтеді.

Бұдан басқа, бұл күні мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша тиімді жоспарлау және мониторинг жасау, кеңес беру органдарының мемлекеттік және жергілікті басқару жүйесіндегі рөлі мен орны тақырыптарындағы семинар-тренингтер топтамасы өтеді, деп жазады ҚазАқпарат.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны