18.03.2018, 18:21 6585

Өскемендегі "Ана мен бала орталығы" соӊғы үлгідегі жабдықтармен қамтылды

Енді аймақ тұрғындары ШҚО шықпай-ақ, әлемніӊ үздік емханалары көрсететін медициналық көмекті осында ала алады. Облыс әкімі Даниал Ахметов орталыққа арнайы барып, қазіргі қызмет барысымен танысып, атқарылған іске оӊ бағасын берді

Өскемен. 18 наурыз. Kazakhstan Today - Өскемендегі "Ана мен бала орталығы" КМК заманауи құрал-жабдықтар жеткізілуде. Енді аймақ тұрғындары ШҚО шықпай-ақ, әлемніӊ үздік емханалары көрсететін медициналық көмекті осында ала алады. Облыс әкімі Даниал Ахметов орталыққа арнайы барып, қазіргі қызмет барысымен танысып, атқарылған іске оӊ бағасын берді. Айта кету керек, мұнда өӊірдіӊ 11 ауданы мен Өскемен қаласы бекітілген.

Облыстыӊ бас қаласында орналасқан "Ана мен бала орталығы" бүгінде соӊғы үлгідегі жоғары технологиялық медициналық жабдықтармен қамтылуда. Тек өткен жылы облыс қазынасынан бөлінген қаражатқа АҚШ, Жапония, Германия, Үндістан, Австрия сияқты мемлекеттерде шығарылған 45 заманауи құрал-жабдық алынған.

Енді орталықта жаӊа туылған нәрестелерге толық қамқорлықты қамтамасыз ететін неонатальдық төсекалды монитор, ЛОР оталарын жасауға арналған бейнеэндоскопиялық кешен бар. Бұдан бөлек, қатарға күні жетпей туылған және әлсіз сәбилерді емдеу әсерін арттыруға және күтуге арналған интенсивті инкубатор қосылды. Ал С-доғалы типтегі аппарат инвазивті емдік процедураларын сапалы және дұрыс визуалдау үшін қолданылады. Салыстырмалы түрде қарағанда жаӊа аппаратта қарапайым тексеруден бастап, нақты, күрделі оталарға дейін жасалынады.

Аймақ басшысы жаӊадан алынған компьютерлік томография кабинетіне де арнайы барып, тексерді. Сонымен қатар, көздіӊ микрохирургиясы бөлімінде болды. Онда мамандар жаӊа жабдықтыӊ арқасында еселене түскен кәсіби шеберліліктерін көрсетті. Учаскелік педиатрия қызметінде кеӊес беру емханасыныӊ меӊгерушісі емделушілер үшін жасалған электронды кезек жұмысын көрсетті. ШҚО әкімі қызметкерлердіӊ еӊбегін жоғары бағалады.

- Орталық мамандары осы жаӊа жабдықтардыӊ, сондай-ақ, алған кәсіби біліктерініӊ көмегімен осы медициналық мекеменіӊ жұмысын тиімді ету, деӊгейін көтеруге міндетті. Өскеменніӊ "Ана мен бала орталығы" жоғары технологиялық жоғары білікті жәрдем беретін орынға аналдыруға бар күш-жігерлеріӊізді салу керексіздер. Ол үшін бар жағдай жасап отырмыз, - деді Даниал Ахметов. - Ирине, бұл ретте ерекше тоқталар мәселе, дәрігерлердіӊ үнемі оқуы және біліктілік дағдыларын арттырып отыру қажеттігі өте маӊызды. Себебі, сіздерге еӊ құнды байлықтарын - балаларын, немелерін сеніп тапсырады.

Орталық директоры өз кезегінде аймақ басшысын көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді. Медициналық қызметкерлерді оқыту жалғасатынын жеткізді. Естеріӊізге сала кетсек, былтыр орталық бас дәрігері бастаған 10 доктор Англияда оқу оқып, біліктерін арттырып келген-ді. Биыл тағы 20 маманды оқыту жоспарланып отыр.

Көпшілік назарына "Ана мен бала орталығы" КМК алынған жабдықтар тізімі ұсынылады.

ШҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны