05.09.2006, 10:48 3253

Өскемендік өрт сөндірушілер жеті мектепті жабуды талап етуде

ӨСКЕМЕН. 5-қыркүйек. Kazakhstan Today. Өскемендегі өрт сөндіру қызметі жеті мектепті жабуды талап етуде. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық өртке қарсы күрес департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Кезекті тексеру қорытындысы бойынша Өскемендегі мектептердің басым бөлігінде өрт қауіпсіздігінің ережелері мен нормалары сақталмайды. "Тәртіп бұзу оқиғалары жыл сайын бірқалыпта қайталанады. Өрт жөнінде автоматты дабыл қағатын жүйе апатты жағдайда немесе ол мүлдем болмайды. Өрт сөндіретін құрал болғанымен, оның не уақыты өтіп кеткен, немесе қайта зариядталмаған болып шығады. Халықты эвакуациялайтын жолдар жабылған, ал кейбір мектептерде оқыс оқиға кезінде қашып шығуға арналған қосалқы есіктер бітеліп тасталған",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Тексеру қорытындысы бойынша сотқа жеті мектепті жабу туралы шағым берілді. Сонымен бірге 19 лауазым иесі 100 мың теңгенің айыппұлын төледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны