13.07.2009, 15:43 2711

Өскеменге республиканың оңтүстік өңірлерінен инфляцияны ауыздықтау үшін ірі көлемде көкөністер партиясы жеткізілді

Өскеменге республиканың оңтүстік өңірлерінен инфляцияны ауыздықтау үшін ірі көлемде көкөністер партиясы жеткізілді

Өскемен. 13 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Өскеменге республиканың оңтүстік өңірлерінен инфляцияны ауыздықтау үшін ірі көлемде көкөністер партиясы жеткізілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі Өскемен әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Облыс орталығының сауда желісіне республиканың оңтүстік өңірлерінен 500 мың килограмға жуық жаңа піскен экологиялық таза көкөністер партиясы, соның ішінде қияр, қызанақ, пияз, қырыққабат, қызылша, сәбіз, картоп және алма жеткізілді. Оңтүстік Қазақстан облысында өнім жылына екі мәрте жиналады. Ал Шығыс Қазақстан облысында жаппай түсім жинау тек тамыз айының ортасында ғана іске асырылады. Сол себепті инфляцияны ауыздықтаудың бір тиімді тәсілі - нарыққа ірі көлемде арзан өнім жеткізу", - деп түсіндіреді әкімдіктегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны