17.04.2007, 18:47 3423

Өскеменнің қалалық мәслихаты қалының орталық көшелерінің атауларын өзгерту туралы шешім қабылдады

ӨСКЕМЕН. 17 - сәуір. Kazakhstan Today. Өскеменнің қалалық мәслихатының депутаттары кезектен тыс сессиясында Шығыс Қазақстан облысының облыс орталығының орталық көшелерінің атауларын өзгерту туралы ономастикалық комиссия ұсынысының негізгі бөлімін бекітті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Депутаттардың шешіміне сәйкес, енді Өскеменде Республика алаңы (бұрынғы атауы - Ленин атындағы алаң) мен Тәуелсіздік даңғылы (бұрынғы атауы - Ленин атындағы даңғыл) пайда болады. Сонымен қатар, депутаттар Киров атындағы саябаққа "Жастар" саябағы атын, Ертістің сол жағалауындағы жаңа даңғылдардың біріне жазушы Ілияс Есенберлиннің атын беруге дауыс берді.

Өскеменде 2007 жылға дейін қалалық мәслихаттың өздері енгізген көшелердің атауын өзгертуге мораторий жарияланған болатын.

Өскеменде бүгінгі күнге дейін 579 көше бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны