10.04.2007, 17:14 3130

Өскеменнің түнгі клубтарының бірінде ВИЧ індетін қасақана жұқтырмақ болған жағдай туралы дақпыртты СПИД орталығындағылар жоққа шығарды

ӨСКЕМЕН. 10 - сәуір. Kazakhstan Today. Өскеменнің түнгі клубтарының бірінде СПИД-террористі жүр деген дақпыртты Шығыс Қазақстан облысының СПИД орталығының мамандары жоққа шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Өскеменнің ВИЧ індетін тексертуге қан тапсырған бірде-бір тұрғын оған індетті қасақана жұқтырмақ болғандығы туралы хабарлаған жоқ",- деді облыстық СПИД орталығының директоры Петр Коллар.

Қалалық және облыстық ішкі істер басқармаларының баспасөз қызметінің басшылары да полицияға СПИД-террорисінен жәбір шегу туралы ешқандай шағымның түспегендігін айтуда.

Бұрындары қалада Өскеменнің түнгі клубтарының бірінде белгісіз біреу бір қызға аталмыш індет жұқтырылған ине шаншып, оған "Сен біздің қатарымыздасың" деген сөздер жазылған хат тастап кетіпті-міс деген қауесет тараған болатын.

"Біздің мекемеге бұған қатысты ешқандай дерек белгісіз",- деп сендіруде П. Коллар. "СПИД орталығына ВИЧ індетін жұқтырған ешқандай қыз келген жоқ, бізге ешкім өзіне ВИЧ індетін жұқтырды деген піскекті әкелген жоқ",- деді ол.

Шығыс Қазақстан облысының СПИД орталығы директорының айтуынша, індетті ине арқылы жұқтыру тек теориялық тұрғыда ғана айтылады. "Ал індетті жұқтыру қаупі тек оннан бір, тіптен жүздің бір пайызын ғана құрайды",- деді П. Коллар. Сонымен қатар, оның айтуынша, "ВИЧ індеті адам ағзасына ену үшін ине бұлшық етке емес, тура тамырға кіруі керек".

Естіріңізге сала кетейік, бұрынырақ СПИД лаңкестік дерегі туралы хабар Алматыда да тараған болатын. Оңтүстік астананың СПИД орталығының директоры Гүлсара Сүлейменова өзі басқаратын мекемеге ВИЧ індеті жұқтырылған піспек сұғып кетті-міс деген күдікпен 19 адам жүгінгендігін хабарлаған. Мамандардың жүргізген зерттеулер нәтижесі олардың ВИЧ індетін жұқтырмағандығын көрсеткен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны