12.03.2007, 13:51 3352

Өскеменнің жаңа әкімі тағайындалды

ӨСКЕМЕН. 12-наурыз. Kazakhstan Today. Өскемен қаласының жаңа әкімі болып Шәкәрім Бүктүгүтов тағайындалды. Ол бұрын ҚР индустрия және сауда министрлігі бәсекелестікті қорғау комитенінің Шығыс Қазақстан облыстық антимонополиялық басқармасының бастығы болған. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

2006-жылдың қыркүйек айынан бері Өскемен қаласының әкімі қызметін Манарбек Сапарғалиев атқарған.

Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданының әкімі де өзгеріп, бұл лауазымға Бауыржан Жанақов тағайындалды. Ол бұған дейін Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық әкімшілігін басқарған.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Семей әкімі Нұрлан Омаров отставкаға кетті. Семей қалалық әкімшілігінің ақпаратына сәйкес, қаланың жаңа әкімі бүгін тағайындалады. Жаңа басшыны Шығыс Қазақстан облысының әкімі Жәнібек Кәрібжанов таныстырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны