16.04.2012, 15:19 3453

Ослода 77 адамды өлтірген Андерс Брейвиктің үстінен сот ісі басталды

Оған лаңкестікке қатысы бар деген айып тағылған. Егер ол кінәлі деп танылса, 21 жылға бас бостандығынан айрылады. Және бұл мезрім кейіннен ұзартылуы мүмкін. Сот процесін Норвегияның хабар тарату корпорациясы тікелей эфирден көрсетуде. Сот ғимараты маңында қауіпсіздік шаралары барынша сақталып, жақын маңдағы көшелер жабылған. Есік алдында жан-жақтан жиналған 800-дей тілші үшін шатырлы қалашық орнатылған.

Астана. 16-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Ослода 2011 жылдың шілде айында 77 адамды өлтірген Андерс Брейвиктің үстінен сот ісі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оған лаңкестікке қатысы бар деген айып тағылған. Егер ол кінәлі деп танылса, 21 жылға бас бостандығынан айрылады. Және бұл мезрім кейіннен ұзартылуы мүмкін. Сот процесін Норвегияның хабар тарату корпорациясы тікелей эфирден көрсетуде. Сот ғимараты маңында қауіпсіздік шаралары барынша сақталып, жақын маңдағы көшелер жабылған. Есік алдында жан-жақтан жиналған 800-дей тілші үшін шатырлы қалашық орнатылған.

Естеріңізге сала кетсек, Андерс Брейвик өткен жылдың 22-і шілдесінде Норвегияда қос лаңкестік шабуыл ұйымдастырды. Ең алдымен ол Ослодағы үкіметтік ауданда жарылыс ұйымдастырып, кейіннен ол Утойя аралына барып, билік басындағы партияның жастар лагерінде жүрген жасөспірімдерге оқ атқан. Полицияға еш қарсылықсыз берілген Брейвик шабуылдарға қатысы бар екенін мойындағанмен, өзін кінәлі деп танудан бас тартқан. Брейвиктің сөзіне қарағанда, ол Норвегия қоғамының назарын еуропадан мұсылман-келімсектердің ағылуына аударту үшін осындай әрекетке барған.

Өткен күзде присихиатрлық зерттеме Брейвикті қабілетсіз деп танып, екінші рет тексеру барысында дәрігерлер оның дені сау деген қорытынды жасаған. Ал, Брейвиктің өзі сот процесінде қылмысын ,, өзін-өзі қорғау,, деп түсіндірмек. Айыптаушы жақ оның өмір бойы түрмеден қалуын талап етпек. Сот процесі он аптаға созылады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны