23.05.2019, 17:29 12542

Қостанай қаласында Қазақстан мен Ресейдің жастар ынтымақтастығы форумы өтті

Екі елдің жастарының қатысуымен өткізілетін іс-шаралар дәстүрлі болып табылады және жыл сайын достық қарым-қатынастар желісін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан. 23 мамыр. Kazakhstan Today - 2019 жылдың 20-21 мамыр аралығында Қостанай қаласында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен Қазақстан мен Ресейдің жастар ынтымақтастығы форумы өтті.

Екі елдің жастарының қатысуымен өткізілетін іс-шаралар дәстүрлі болып табылады және жыл сайын достық қарым-қатынастар желісін кеңейтуге мүмкіндік береді.

Іс-шара еріктілікке арналып, қазақстандық-ресейлік жастардың шекарааралық ынтымақтастығын талқылау, жастар саясатының үдерістерін жетілдірудің тиімді механизмдерін дамыту және аймақтағы еріктілер инфрақұрылымын дамыту үшін маңызды алаңға айналды.

Іс-шараға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов, Ресей Федерациясының Президент Басқармасының өкілдері, Ресей Федерациясының жастар істері жөніндегі федералдық агенттігінің басшысы Александр Бугаев қатысты. Форумның 1000-нан астам делегаттары қатарында - еріктілер қозғалысының өкілдері, жастар ұйымдарының көшбасшылары, Қазақстан мен Ресейдің түкпір-түкпірінен келген жас кәсіпкерлер.

Қатысушылар әлеуметтік және медициналық еріктілік жобаларды, корпоративтік еріктілікті дамыту механизмдерін, сондай-ақ экологиялық еріктілік саласында орын алған мәселелерді шешімдерін талқылады.Форум аясында қазақстандық және ресейлік еріктілік және әлеуметтік жобалар көрмесін, TEDx форматында екі елдің үздік жобаларының тұсаукесерін, сондай-ақ ағаш отырғызу және Тобыл өзенін тазарту бойынша бірлескен экологиялық іс-шаралар өткізілді.

Бұдан басқа, іс-шара аясында Жастар сарайының салтанатты ашылу рәсімі өткізілді, оның мақсаты жастар ұйымдары мен бастамаларын дамыту үшін көпфункционалды алаң құру болып табылады.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны