03.07.2019, 15:00 2903

Қостанай әкімі қазақ мектебінің жабылғаны туралы дақпыртты жоққа шығарды

Қостанай әкімі Қайрат Ахметов қаладағы қазақ мектебінің жабылғаны туралы ақпаратты фейк деп атап, жоққа шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Қостанай. 3 шілде. Kazakhstan Today - Қостанай әкімі Қайрат Ахметов қаладағы қазақ мектебінің жабылғаны туралы ақпаратты фейк деп атап, жоққа шығарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Қостанай қаласындағы жалғыз қазақ мектебі жабылғалы жатыр-мыс деген сауалға жауап береміз. Бұл біздегі жалғыз мектеп емес. Ол қала орталығындағы жалғыз бастауыш мектеп. Оның жанында, орталықта Ы. Алтынсарин мен С. Мәуленов атындағы тағы да екі орта мектеп бар. Әлдебіреу шатастырып жалған ақпарат таратқан. "24А" бастауыш қазақ мектебін материалдық базасын жақсарту үшін көшіру жөнінде ұсыныс болған. Бүгінгі күні бұл мектеп аумақ тұрғысынан таршылық көріп отыр", - деп түсіндірді әкім.

Оның ақпаратына сүйенсек, бүгінде "24А" бастауыш қазақ мектебінің 585 оқушысы мектепке дайындық бөлімімен бірге жобалық құны 250 адамға есептелген, оқуға лайықталған, бұрынғы балабақша ғимаратында білім алып жатыр. Соның салдарынан көршілес гимназиядан жалға алаң алуға мәжбүр болып отыр. Балалардың бір бөлігін Победа - Бородин көшелерінің қиылысында ашылуы жоспарланып отырған мектепке ауыстыру арқылы мектепке түсетін жүктемені азайту идеясы болған.

Облыс басшылығы оны қайта жаңғыртып, 1-қыркүйекте 960 орынға есептелген қазақ тілінде білім беретін жетінші мектеп ретінде ашуға ниеттеніп отыр, - деп түсіндірді Қ. Ахметов.

"Жабу туралы сөз болған емес. Мәселе бұлай қойылуы мүмкін емес және қойылмайды да. Жоқ жерден әңгіме туындап отыр", - деп мәлімдеді Қ. Ахметов.

Ол осындай фейк ақпараттың пайда болуына байланысты өзінің іскерлік беделін қорғау мәселесімен айналысатынын атап өтті.

Айта кету керек, Қостанайда қазір 3931 оқушы оқитын қазақ тіліндегі 6 мектеп жұмыс істейді. Сондай-ақ, аралас тілдерде сабақ берілетін тағы да 10 мектеп бар. "Аэропорт" ықшамауданында биыл 960 орынға есептелген аралас тілдерде сабақ беретін мектеп ашу жоспарланып отыр. Ал "Юбилейный" ықшамауданында 1200 орынға есептелген мектептің құрылысы басталды, келешекте "Береке" және "Қонай" ықшамаудандарында мектеп салынады", - деді әкім.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны