Система Orphus

Қостанай облыстық ауруханасында бас миының тамырларына бірегей азинвазивті оталар жасалуда

10.08.2019, 14:44 112429

Қостанай. 2 тамыз. Kazakhstan Today - Қостанай облыстық ауруханасында жаңа ангиографиялық жабдықтың сатып алынуына байланысты 28-шілдеде алғаш рет бас миының тамырларына бірегей азинвазивті оталар жасала бастады. Алғаш рет артерия мен вена мальформациясының рентгендік эндоваскулярлы парциялық эмболизациялық отасы жүзеге асырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Осынау ангиографиялық жабдықтың артықшылықтарын кәсіби білікті мамандар ғана толық аша алады. Бізде осындай екі маман бар, олар - Анатолий Болатбекович Дүйсембин мен Рахымжан Кәкімжанұлы Закарин. Алдағы уақытта біршама ауыр патологияны емдеуге кірісеміз, ал бүгін, міне, мынадай бірегей ота жасалды", - деді Қостанай облыстық ауруханасының бас дәрігері Юрий Моисеев.

Оның айтуынша, ота жасалар алдында дәрігерлер Венгрия мен Нұр-Сұлтан қаласында машықтандырудан өтті.

Артерия мен вена мальформациясы дегеніміз - бас миының артерия және вена тамырларының арасында патологиялық байланыс түзілетін бас миы тамырларының дамуындағы туа бітті ақау болып табылады. Бұл - ми ішінде қан құйылу тәуекелі жоғары болатындығымен қатерлі дертке жатады.

Бұдан бұрын диагноз кейін қойылатын, ал қазір қостанайлық дәрігерлер оған диагноз қоя алатын болды.

Жапонияда өндірілген, құны 338 миллион теңгені құрайтын заманауи ангиограф Қостанай облыстық ауруханасында 2018 жылдың желтоқсан айында пайда болды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны