Система Orphus

Отан Қорғаушылар күні қарсаңында мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия наградаға ұсынылатын тұлғалардың тізімін мемлекет басшысына жолдады

30.04.2009, 18:48 3979

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Ақордада мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Онда орталық мемлекеттік органдардың Отан Қорғаушылар күні қарсаңында құқық қорғау органдары мен ұлттық қауіпсіздік саласының өкілдерін ҚР мемлекеттік наградаларымен марапаттау жөніндегі ұсыныстары қаралды.

"Қазақстан әскері, оның құқық қорғау органдары мемлекеттің ең маңызды қызметтерінің бірі - еліміздің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, біздің азаматтарымыздың құқықтары мен бостандықтарын қорғайды, қалаларымыз бен ауылдарымыздың тыныштығын күзетеді. Осынау игі мақсаттарды орындау жолында ондаған мың әскери қызметшілеріміз ауыр да абыройлы жұмысты адал және ерлікпен іске асыруда. Осыған орай біз бүгін наградаға лайықты үміткерлерді Отанымыздың ордендері мен медальдарымен наградтау жөнінде өз ұсынысымызды мемлекет Басшысына жолдау үшін бас қосып отырмыз", - деп атап өтті Қ.Саудабаев.

Комиссия наградаға ұсынылатын тұлғалардың тізімін мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қарауына жолдады. Олардың қатарында Ирактағы халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті орнықтыру жөніндегі операцияларға қатысқан әскери қызметшілер, адам өмірін құтқарып қалуға байланысты төтенше жағдайларда қайсарлық пен жанқиярлық ерлік көрсеткен құқық қорғау органдарының қызметкерлері бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны