06.06.2013, 15:29 5872

Отандық құрылыс саласында жаңа рекорд жасалды

BІ Group холдингі небәрі 16 күн 20 сағаттың ішінде отбасылық коттедж салып бітірді. Құрылысқа керамикалық кірпіш сынды бағалы материалдар пайдаланылды, ал үйдің сапасын техникалық қадағалау мекемесінің мамандары жіті бақылап отырды.

Астана. 6-маусым. Kazakhstan Today - Отандық құрылыс саласында жаңа рекорд жасалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BІ Group холдингі небәрі 16 күн 20 сағаттың ішінде отбасылық коттедж салып бітірді. Құрылысқа керамикалық кірпіш сынды бағалы материалдар пайдаланылды, ал үйдің сапасын техникалық қадағалау мекемесінің мамандары жіті бақылап отырды.

186 шаршы метрге салынған 3 жатын бөлме, қонақжай, асүй, лоджия және жеке гараж. Бас-аяғы 16 күннің ішінде салынған отбасылық үлгідегі коттедждің негізгі сипаттамалары осындай. Бажайлап байқасаңыз, мына кадрлерден құрылысшылардың түн ұйықтамай, күн үзбей істеген жұмысы мен оның нәтижесін анық байқайсыз. Иу баста BІ Group холдингі құрылғанына 18 жыл толуына орай кем дегенде 8 айда салынатын қос қабатты үйді 18 күнде салып бітіруге сөз берген. Іс жүзінде компания "арық айтып, семіз шықты".

"Фэмили вилладж" деп аталатын бұл қалашықта ұзын-ырғасы 300 үй салынуда. Құрылыс басында 1500 маман жүр. Үйлердің алды кіруге дайын. Алғашқы қожайындар да бар.

Айта кетейік, алдағы уақыт қаланың сол жақ жағалауында орналасқан қалашықтың өзіне тиесілі мектебі, балабақшасы, спорттық және ойын алаңдары да салынады деп жоспарлануда. Отбасылық коттедж иелері қоныс тойларын Қала күні қарсаңында тойлайтын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны