05.10.2018, 16:40 6475

Отандық жоғары оқу орындарыныӊ білім беру бағдарламаларына жүргізілген рейтингтіӊ екінші кезеӊ нәтижесі жарияланды

Айта кетейік, білім беру бағдарламаларын (бакалавриат деӊгейі) бағалауды "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі жүргізіп отыр. Қазіргі таӊда 64 мамандық бойынша рейтинг жасалған.

Астана. 5 қазан. Kazakhstan Today - Отандық жоғары оқу орындарыныӊ білім беру бағдарламаларына жүргізілген рейтингтіӊ екінші кезеӊ нәтижесі айтылды.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз маслихатында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетініӊ төрағасы Талғат Ешенқұлов мәлімдеді.

Айта кетейік, білім беру бағдарламаларын (бакалавриат деӊгейі) бағалауды "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Білім және ғылым министрлігі жүргізіп отыр. Қазіргі таӊда 64 мамандық бойынша рейтинг жасалған.

Бірінші кезеӊде 784 білім беру бағдарламасына бағалау жүргізді, қыркүйек айында сарапшылар тағы 681 бағдарламаны бағалады. Екінші кезеӊде бағалау жұмысына 210 сарапшы жұмылдырылып, 2016-2017 оқу жылыныӊ 3000 түлегіне сауалнама жүргізілді. Рейтинг келесі критерийлерге сүйеніп жасалды: түлектердіӊ жұмысқа орналасу пайызы және олардыӊ орташа еӊбекақысы, бағдарлама өзектілігі бағасы, сонымен қатар түлектерге жүргізілген сауалнама нәтижесі мен жұмысқа тұру туралы деректер.

Мәселен, университетті аяқтаған жылы жұмысқа орналасудыӊ еӊ жоғары деӊгейін "Металлургия" мамандығы көрсетті - 80%, олардыӊ қатарында Рудный индустриялық институты, О.Байқоӊыров атындағы Жезқазған университеті түлектері бар. Жұмысқа орналасудыӊ 58%-ын "Су ресурстары мен суды пайдалану" мамандығыныӊ түлектері көрсетті.

Рейтингтіӊ екінші кезеӊінде салалық сарапшыларды қатыстыра отырып, білім беру бағдарламаларыныӊ мазмұнындағы алшақтықты бағалау және талдау жұмыстары жүргізілді. Барлығы 31 мамандық қамтылды. Бағалау кезінде сарапшылар бірнеше факторды назарға алды.

Силлабустары бар элективті пәндер катологын салыстырғанда сәйкессіздіктер анықталды, бұл пре- және пост реквизиттер тізімі. Пәнді сипаттау тілі оқыту тіліне сәйкес келуі керек. Осы қателерді ескере отырып пәндер мен силлабустар катологын жетілдіре түсу керек. Практикалық жаттығуларға, кейстермен жұмыс істеуге аз уақыт бөлінеді.

ЖОО-лардыӊ негізгі қателігі - оқу бағдарламасында теорияға басымдық беріледі. Осы ретте түлектіӊ дайындық деӊгейіне тікелей байланысты - еӊбекақы критериі маӊызды. Оқытушылық-профессорлық құрамы мықты және сауатты бағдарламасы бар жоғары оқу орнын бітірген түлектер анағұрлым бәсеке қабілетті екенін талдау көрсетті.

Жоғары еӊбекақы Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетініӊ "Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру" мамандығы бойынша тіркелген. Ал Қазақ технология және бизнес университетініӊ "Жеӊіл өнеркәсіп бұйымдарыныӊ технологиясы және құрастырылуы" мамандығы еӊ төмен бағаланады екен.

2018 жылдыӊ соӊына дейін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы 29 мамандық бойынша рейтинг дайындауды жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны