01.09.2015, 12:42 5004

"Отар" 40-шы әскери базасыныӊ үздік жауынгері анықталды

"Отар" 40-шы әскери базасыныӊ "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығында үздік жауынгерді таӊдады. Байқау Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 20 жылдығын мерекелеу аясында өӊірлік қолбасшылық қолбасшысыныӊ орынбасары - 40-шы әскери базасыныӊ бастығы полковник Дулат Адырбековтіӊ басшылық етуімен өтті

Астана. 1 Қыркүйек. Kazakhstan Today - "Отар" 40-шы әскери базасыныӊ "Оӊтүстік" өӊірлік қолбасшылығында үздік жауынгерді таӊдады. Байқау Қазақстан Республикасы Конституциясыныӊ 20 жылдығын мерекелеу аясында өӊірлік қолбасшылық қолбасшысыныӊ орынбасары - 40-шы әскери базасыныӊ бастығы полковник Дулат Адырбековтіӊ басшылық етуімен өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Искери қызметшілер 10 шақырымға жүгіру, қоян-қолтық ұрыс, АК-74 автоматынан оқ ату және көптеген өзге де байқауларда сайысқа түсті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Жарысқа "Отар" 40-шы әскери базасыныӊ барлық әскери бөлімдерініӊ әскери қызметшілері қатысты. Күрделі және табанды бақ сынасуда жеӊімпаздар анықталды. Бірінші орынды 30212 әскери бөлімі танкті мектебініӊ взвод сержанты кіші сержант Ержан Бекайдар иеленді. Екінші орынды 21742 әскери бөлімі қамтамасыз ету ротасыныӊ оқшашаршысы келісімшарт бойынша қатардағы жауынгер Темірбек Ибдібаев алса, үшінші орынды 82796 әскери бөлімі дивизионыныӊ жүргізушісі қатардағы жауынгер Самат Қабдеш қанжығасына байлады.

Барлық сайыс қорытындысы бойынша жеӊімпаздарға "Отар" 40-шы әскери базасыныӊ "Үздік жауынгері" естелік төсбелгілері мен ҚР Конституциясыныӊ 20 жылдығына орай сертификаттар табыс етілді.

Алдында өткен үздік жауынгер байқауы ағымдағы жылдыӊ мамырында Отарда өткенін айта кеткен жөн. Байқауға қатысушы әскери қызметшілер сынақ жаттығуларын үздік тапсырды. Атап айтсақ, 10 шақырымға толық жарақтандыруда жүгіру, жерасты тоннельді, қираған көпірді, биік 5 м қабырғаны қамтитын кедергілер жолағын бұзып өту, шағын сапер күрегін лақтыру, тас қабырғаны, шалшықты, қолдыӊ көмегімен биік баспалдақты еӊсеру, қоян-қолтық ұрыс және т.б., сондай-ақ бақылау оқ атулардыӊ 4-жаттығуын орындау (минималды 50 ұпай). Үміткерлерді алдын ала іріктеу міндетті түрде медициналық тексеруді өткізе отырып, бір айлық жауынгерлік даярлықтыӊ қорытындысы бойынша ай сайын әскери бөлімдерде өткізіліп тұрды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны