28.12.2009, 15:12 3009

Өтіп бара жатқан жылда парламент өз шығындарын 30 пайызға қысқартты

Өтіп бара жатқан жылда парламент өз шығындарын 30 пайызға қысқартты

Астана. 28 желтоқсан. Kazakhstan Today - Өтіп бара жатқан жылда парламент өз шығындарын 30 пайызға қысқартты. Бұл туралы бүгін парламент сенатында палатаның 2009 жылғы жұмысының қорытындысы бойынша өткен дәстүрлі брифингте палата аппаратының басшысы Мұрат Нұртілеуов хабардар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Өтіп бара жатқан жылда мемлекет басшысының әкімшілік шығындарды қысқарту жөніндегі өкіміне сәйкес, парламент қызметін қамтамасыз етуге бөлінген бюджет қаржысының 30 пайыздан астамы үнемделіп, республика қазынасына қайтарып берді",- деді ол.

Оның айтуынша, "негізінен өкілдік және әкімшілік шығындар шектеліп, коммуналдық және материалдық-техникалық жабдықтау, байланыс, көлік, жөндеу жұмыстары, кеңсе тауарларымен, жиһазбен, тұрмыстық құралдармен, оргтехникамен қамтамасыз ету, ел ішіндегі және шет елдерге іссапарларға шығу шығыстары қысқартылды",- деді ол.

Мұрат Нұртілеуов мемлекет басшысының жолдауындағы нақты міндеттерді және жалпы ұлттық даму бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталған депутаттар корпусының заң шығару жұмыстары жайында баяндады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны