09.11.2016, 13:01 4074

Отырар мұражайыныӊ экспозициясы Оӊтүстік Қазақстан облыстық өлкетану мұражайына қойылды

Отырар Мемлекеттік мұражай-қорығы реставрацияға жабылған 3 жылдыӊ ішінде оныӊ жәдігерлері елдіӊ барлық өӊірлерін аралап үлгеріп, Оӊтүстік Қазақстан облысына қайта оралды. Шымкенттіктер Отырар тарихыныӊ беттерін бір ай бойы қаладан шықпай-ақ парақтай алады.

Шымкент. 9 қараша. Kazakhstan Today - Оӊтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына арналған көрме ашылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Отырар Мемлекеттік мұражай-қорығы оған Отырардыӊ тарихына қатысты археологиялық зерттеулер, этнографиялық бұйымдар, кітаптар, альбомдар мен ғылыми мақалаларды ұсынды.

Көрменіӊ ашылуына өӊірдегі оқу ордаларыныӊ оқытушылары мен студенттері келді.

Оӊтүстік Қазақстан облыстық политехникалық колледжініӊ студенті Гүлден Сайфудина мұражайға өз курстастарымен бірге келіпті. Жастарға мұнда әкелінген жәдігерлердіӊ барлығы ұнағанымен, әсіресе, орта ғасырларда жасалған білезіктер мен жүзіктер ерекше тамсандырған.

"Бүгін осында келгеніме қуаныштымын. Құрбыларыммен бірге Шәуілдірдегі мұражайға баруға көптен бері құлшынып жүргенбіз. Бірақ ол реставрацияға жабылып қалды. Сол себепті бізге бүгін Қазақстандағы еӊ көне қалалардыӊ бірінен әкелінген материалдармен танысудыӊ бірегей мүмкіндігі туды", - дейді Гүлден Сайфудина.

Мұражайдыӊ ғылыми қызметкері Лариса Морозованыӊ айтуынша, ұсынылып отырған жәдігерлердіӊ арасында біздіӊ жыл санауымыздыӊ 3-5- ғасырларынан хабар беретін металл бұйымдар мен қыш, сүйек қалдықтары бар. Экспозицияныӊ тағы бір ерекшелігі - орта ғасырлардан сақталып қалған қолөнершілік бұйымдары.

"Археологиялық зерттеулердіӊ нәтижесінде табылған айшықты бұйымдар назарға ұсынылып отыр. Металл бұйымдар мен қыш та бар, этнографиялық бөлім де көрініс тапқан. Қазақстан Республикасыныӊ Тәуелсіздігі жылдарында мұражай қызметкерлерініӊ тірнектеп жинаған жәдігерлері де бар. Көрменіӊ қызғылықты бөлімі ретінде қазақ және орыс тілдерінде басылып шыққан альбомдар, мақалалар жинағы, кітаптар түрінде көрініс тапқан көптеген ғылыми зерттеулердіӊ материалдарын атауға болады",- деді жәдігерлерді көрерменге таныстырған Оӊтүстік Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану мұражайыныӊ ғылыми қызметкері Лариса Морозова.

Отырар Мемлекеттік мұражай-қорығы реставрацияға жабылған 3 жылдыӊ ішінде оныӊ жәдігерлері елдіӊ барлық өӊірлерін аралап үлгеріп, Оӊтүстік Қазақстан облысына қайта оралды. Шымкенттіктер Отырар тарихыныӊ беттерін бір ай бойы қаладан шықпай-ақ парақтай алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны