15.07.2016, 19:12 4776

Отырарда индустрияландыру карта аясында 8 жоба іске аспақ

Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ орындалу барысын баяндаған аудан әкімі Ерлан Айтаханов мәлімдеді

Астана. 15 шілде. Kazakhstan Today - Бұл туралы ОҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ орындалу барысын баяндаған аудан әкімі Ерлан Айтаханов мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған ауданда құрылған "Индустриалды аймақтыӊ" жер көлемі 97 га құрайды. Бүгінде аймақтыӊ жобалау сметалық құжаттамасы жасалып, мемлекеттік сараптама қорытындысы алынған.

Аудан әкімініӊ айтуынша, аталмыш индустриалды аймақта "Отырар Дән" ЖШС-ніӊ жүгері сақтау және кептіру зауыты іске қосылып, жұмыс жасауда. Мұнда өндіріс орындарын ашу мақсатында инвестициялық жобаларды орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, "Тәжібай құрылыс" ЖШС-ніӊ ағаш өӊдеу жобасы аймақтағы 1,5 га жерге орналастыру үшін мемлекеттік актісі алынды. Ал екінші жоба "АзияАгро" ЖШС-ніӊ жүгері дәнін кептіру, сақтау және құрама жем шығару жобасы. Құрылыс жұмыстары жүргізіліп отырған жобаныӊ құны 619 млн. теӊгені құрайды. Кәсіпорынныӊ құрылысы қазан айында аяқталып, іске қосу жоспарлануда.

Одан бөлек, индустриалды аймақта өндіріс орнын ашуға 6 кәсіпкер ниет білдірген.

Баспасөз мәслихатында спикер жыл басынан бері ауданныӊ өнеркәсіп кәсіпорындарында 5 млрд. 88 млн. теӊгеніӊ өнімі өндіріліп, нақты көлем индексі 104,8 пайызды құрағанын айтты. Сонымен қатар, өӊдеу өнеркәсібінде 1 млрд. 350 миллион теӊгеден астам өнім өӊделген. Ал негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 3468,8 млн. теӊгені құрады.

Ауданда мемлекеттік бағдарламалар мен Бес реформа өз деӊгейінде орындалып жатқанын айтқан Ерлан Айтаханов алдағы уақытта аймақтыӊ әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша тыӊ жобалар мен жоспарлар іске асырлатынын жеткізді.

ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны