09.04.2007, 16:16 3286

Өткен аптада Алматыдағы пәтер бағасы 0,78 пайызға көтерілді

АЛМАТЫ. 9-сәуір. Kazakhstan Today. Өткен аптада Алматыдағы тұрғы үй бағасының индексі (ұсыныс индексінде) 27,58 АҚШ долларына, немесе 0,78 пайызға көтеріліп, бір шаршы метрі 3564,31 АҚШ долларын құраған. Сонымен қатар, жалпы қала бойынша ұсыныс индексі өткен аптамен салыстырғанда 11,65 пайызға көтерілді және де соңғы 7 айдағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. Ұсыныс көрсеткішінің сұраныс бағасынан артуы 12,67 пайызды құрады.

Қымбат және арзан пәтерлердің айырмашылғы мардымсыз ғана көтерілді. Ең қымбат Медеу ауданындағы бір шаршы метрдің бағасы орташа есеппен ең арзан Түркісіб ауданындағы бағадан 1,6 есе артық. Қымбат пәтерлер бағасының өсу қарқыны арзан пәтерлер бағасының өсуімен салыстырғанда сәл ғана жылдамырақ.

Ең қымбат пәтердің бір шаршы метрі орташа есеппен 4810 АҚШ долларын құраса, ең арзан пәтердің бір шаршы метрі 2526 АҚШ долларын құрап отыр. Қымбат және арзан пәтерлердің бағасының арасындағы айырмашылық азайды. Осы аптада аталмыш көрсеткіш 1,9 (190 пайызды) құрады.

Алматыдағы пәтерлер бағасының өсуі пәтердің орналасқан ауданына, бөлмелер санына және үйдің үлгісне байланысты.

Болжам. Осы өзгеру екпініне қатысты жасалған болжам бойынша мамыр айының ортасында қала бойынша бір шаршы метрдің орташа бағасы 4000 АҚШ долларын құрауы мүмкін. Бірақ, пәтер ұсынысының шарықтау шегіне жеткендігін атап өту қажет. Бұл пәтер бағасының өсу екпінінен әсер етеді. Сондықтан да ұсыныстың өсуі барысында бағаның өсуі баяулауы мүмкін.

Салыстыру үшін: www.irn.ru аналитикалық орталығының мәліметтеріне сәйкес, Мәскеудегі тұрғын үй бағасының жалпы қалалық көрсеткіші 0,2 пайызға төмендеп, бір шаршы метрі 4201 АҚШ долларын құрап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны