02.04.2007, 16:44 3481

Өткен аптада Алматыдағы пәтер бағасы 1,95 пайызға көтерілді

АЛМАТЫ. 2-сәуір . Kazakhstan Today. Өткен аптада Алматыдағы тұрғын үй бағасының индексі 67,74 АҚШ долларына, немесе 3,93 пайызға көтеріліп, бір шаршы метрі 3536,73 АҚШ долларын құраған.

Жалпы қала бойынша ұсыныс көрсеткіші өткен аптамен салыстырғанда 0,05 пайызға көтеріліп, соңғы 7 айдағы ең жоғарғы көрсеткішті құрап отыр. Сұраныс көрсеткішісі ұсыныс көрсеткішінен 0,37 пайызға асқан.

Қымбат және арзан пәтерлердің айырмашылғы төмендеді. Ең қымбат Медеу ауданындағы бір шаршы метрдің бағасы орташа есеппен ең арзан Түркісіб ауданындағы бағадан 1,59 есе артық. Қымбат пәтерлер бағасының өсу қарқыны арзан пәтерлер бағасының өсуімен салыстырғанда баяу.

Ең қымбат пәтердің бір шаршы метрі орташа есеппен 5211 АҚШ долларын құраса, ең арзан пәтердің бір шаршы метрі 2497 АҚШ долларын құрап отыр. Қымбат және арзан пәтерлердің бағасының арасындағы айырмашылық төмендеді. Осы аптада аталмыш көрсеткіш 2,09 (209 пайызды) құрады. Алматыдағы пәтерлер бағасының өсуі пәтердің орналасқан ауданына, бөлмелер санына және үйдің үлгісіне байланысты.

Бағаның наурыз айының аяғында 3500 АҚШ долларына дейін өсуі туралы жасалған расталды. Бағаның өсу екпініне қатысты жасалған болжам бойынша 2007 жылдың мамыр айының ортасында қала бойынша бір шаршы метрдің орташа бағасы 4000 АҚШ долларын құрайды. Бірақ, ұсыныстың өсуі бағаның өсу екпініні төмендетуі де мүмкін.

Салыстыру үшін: www.irn.ru аналитикалық орталығының мәліметтеріне сәйкес, Мәскеудегі тұрғын үй бағасының жалпы қалалық көрсеткіші 0,1 пайызға төмендеп, бір шаршы метрі 4209 АҚШ долларын құраған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны