22.04.2016, 11:58 4356

Өткен тәулік ішінде есірткілік заттарымен шекара аспақ болған 2 азамат анықталды.

Атап айтқанда, "Үрлітөбе - авто" (қазақ-ресей шекарасы) бақылау-өткізу бекетінде осы жылдыӊ 21-сәуірі күні 17 сағат 00 минутта арнайы иттіӊ көмегімен Ресей Федерациясыныӊ 1980 жылы туылған "Федор" есімді азамат ұсталды.

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Өткен тәулік ішінде есірткілік заттарымен шекара аспақ болған 2 азамат анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Атап айтқанда, "Үрлітөбе - авто" (қазақ-ресей шекарасы) бақылау-өткізу бекетінде осы жылдыӊ 21-сәуірі күні 17 сағат 00 минутта арнайы иттіӊ көмегімен Ресей Федерациясыныӊ 1980 жылы туылған "Федор" есімді азамат ұсталды.

Ресейге бара жатқан азаматтыӊ "Тойота" машинасына шекаралық бақылау жасау кезінде оныӊ ауа соратын фильтрініӊ ішінен жасыл түсті өсімдік затыныӊ ұнтағы шыға келді. Сарапшылар оныӊ марихуана екендігін, салмағы 10 грамм болатындығын анықтады. .

Аталған іске қатысты ҚР ҚК 286 бабыныӊ 1 тармақшасы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Екінші жағдай 21-сәуір күні қазақ-қырғыз шекарасында орналасқан "Қордай - авто" бақылау-өткізу бекетінде орын алды. Атап айтқанда, 21 сағат 15 минут шамасында қызметтік ит 1967 жылы туылған "Қалайбек" есімді азаматтыӊ киімінде есірткі затыныӊ бар екендігін білдірді. "Тойота Ланд Крузер Прадо" автокөлігінен түскен азаматтыӊ куртесініӊ ішінен жасыл түсті - "гашиш" шыға келді.

Материалдар Жамбыл облысы Қордай аудандық ішкі істер бөліміне берілді.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны