16.10.2015, 10:56 3429

Өткен тәулік ішінде мемлекеттік шекараныӊ әртүрлі аймақтарындағы бақылау-өткізу бекеттерінде жасанды жасанды дерек штампын қолданып өтуге әрекеттенген бірқатар шетел азаматтары ұсталды.

Атап айтқанда, "Алматы" (әуежай) бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары "Алматы - Стамбул" бағытындағы КС 911 рейсіне шекаралық бақылау жасау кезінде "Қордай-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ 28-қыркүйектегі жасанды дерек штампын көрсетіп, шекара аспақ болған 27 жастағы "Демирели" есімді Түркия азаматыныӊ қулығын әшкере қылды

Астана. 16 Қазан. Kazakhstan Today - Атап айтқанда, "Алматы" (әуежай) бақылау-өткізу бекетініӊ шекарашылары "Алматы - Стамбул" бағытындағы КС 911 рейсіне шекаралық бақылау жасау кезінде "Қордай-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ 28-қыркүйектегі жасанды дерек штампын көрсетіп, шекара аспақ болған 27 жастағы "Демирели" есімді Түркия азаматыныӊ қулығын әшкере қылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жасанды дерек штамп белгісін көрсететіндердіӊ негізгі бөлігін Өзбекстан азаматтары құрайды.

Мысалы, Сарыағаш шекара отрядыныӊ "Жібек жолы - авто", "Қапланбек авто" және "Қазығұрт авто" бақылау-өткізу бекеттерінде (қазақ-өзбек шекарасы) өздерініӊ Отандарына көші-қон полициясыныӊ жасанды дерек белгісін көрсетіп өтуге тырысқан барлығы 15 Өзбекстан азаматы ұсталды.

Еліміздіӊ батысында орналасқан, Бейнеу шекара отрядына қарасты "Тәжен-авто" бақылау-өткізу бекетініӊ (қазақ-өзбек шекарасы) шекарашылары "Жаӊажол авто" бақылау-өткізу бекетініӊ жасанды дерек штампын көрсетіп шекара аспақ болған Өзбекстан азаматын ұстады.

Қазақстандық шекарашылардыӊ қырағылығы арқасында ашылған деректердіӊ барлығы ҚР ҚК 385 бабына сәйкес Ақпаратты тіркеу журналына енгізілді. Ұсталғандар келуге міндеттеліп босатылды.

ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны