26.02.2018, 17:21 4322

Өткен жылы Ақтөбе медициналық кластерінде 400 жоғары технологиялық ота жасалды

Қазіргі таӊда қалалық балалар тіс емханасы мен 12 денсаулық сақтау нысандарыныӊ құрылысы жүріп жатыр

Ақтөбе. 26 ақпан. Kazakhstan Today - Ақтөбе облысыныӊ әкімі Бердібек Сапарбаев тұрғындармен есептік кездесуі кезінде өӊірлік медицинаныӊ 2017 жылдағы жетістіктері жайында айтып берді. Осы саланыӊ айтарлықтай ілгерілегендігініӊ белгісі сол, ақтөбеліктердіӊ өмір сүру ұзақтығы 72,8 жылға жеткен, жалпы өлім-жітім 5,7%, нәресте өлімі 24,3%, ана өлімі 64,6% азайған.

"Мемлекет басшысы атап өткендей, дені сау ұлт - мемлекеттіӊ гүлденуініӊ негізі болып табылады. Облыста денсаулық сақтау саласын дамытуға ерекше мән беріледі. Өткен жылы бірнеше жетекші клиникалардыӊ бірігуі негізінде құрылған "AktobeMedicalCenter" Ақтөбе медициналық кластері базасында 15 мыӊнан аса ота жасалса, оныӊ 400-і жоғары технологиялық. Олардыӊ қатарында 11 бауыр ауыстыру, 35 бүйрек ауыстыру операциялары",-деп хабарлады облыс басшысы.

Былтыр 26 денсаулық сақтау нысаныныӊ құрылысы басталды, оныӊ ішінде ауылдық жерлерде салынып жатқан 21 нысаннныӊ тоғызы пайдалануға берілген.

Ақтөбе облысында мемлекеттік-жеке серіктестік аясында құны 3,7 млрд. теӊге болатын елдіӊ батыс өӊіріндегі тұӊғыш офтольмологиялық емхана ашылды. Жылына 150 мыӊ шақырту алатын жедел жәрдем стансасы алғашқы емделушілерін қабылдады.

Қазіргі таӊда қалалық балалар тіс емханасы мен 12 денсаулық сақтау нысандарыныӊ құрылысы жүріп жатыр. Осы жылы сондай-ақ, онкология және өзге де ауруларды бастапқы сатысында анықтайтын Ядролық медицина орталығыныӊ, заманауи Check-up диагностикалық орталығыныӊ құрылысы басталмақ.

Жалпы, биыл МЖС аясында кем дегенде жиырма медициналық мекемені пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ақтөбе облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны