17.05.2018, 19:51 7180

Өткен жылы Алматыдағы Мемлекеттік орталық музейде 4459 экскурсия жүргізілген

Мәселен, 2017 жылы түрлі салада 175 музейлік сабақтар жүргізілді: палеонтология, археология, этнография, антропология және Қазақстан тарихы.

Алматы. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгін Алматы қаласыныӊ Өӊірлік коммуникациялар қызметі алаӊында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі директорыныӊ орынбасары Ғалия Теміртонныӊ қатысуымен брифинг өтті.

Ғалия Теміртонныӊ айтуынша, "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында ғылыми-білім және мәдени-ағартушылық "Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам" атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Ол 2017 жылы қараша-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасыныӊ Тұӊғыш Президентініӊ Кітапханасыныӊ ұйымдастыруымен өткен іс-шара мемлекеттік мейрамдар аясында болды: Тұӊғыш Президент күні және Тәуелсіз Қазақстан мейрамдарына орайластырылды. Көрмеге келуші қауым Қазақстанныӊ 1990 ж. құрылу тарихынан бастап, бүгінге дейінгісі туралы білу мүмкіндігіне қол жеткізді.

Ел астанасы ауысқаннан кейін 20 жыл өткенде ғана Алматы қаласы Елбасы музейініӊ, жеке мұрағаттары, жеке кітапханасы қорға өткізіліп, зерттеу мүмкіндігіне ие болды. Көрме экспозициясына Елбасы Н. Назарбаевтыӊ әлемніӊ 30 елінен алған мелекеттік наградалары, Құран топтамалары, Елбасыныӊ тарту еткен үкіметтік кітаптары сондай-ақ, Елбасыныӊ әр тілде жазылған еӊбектері,-деді ол.

Ғылыми-білім беру және мәдени-ағартушылық жылжымалы "Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам" атты көрме жобасы аясында тағы да бір "Туған жердіӊ тұлғасы" атты көрме өткізілді (тарихи тұлғалардыӊ, мәдениет өкілдерініӊ, ғылым мен білім саласындағы зиялы қауымныӊ портреттер галереясы).

Білім берудіӊ мұндай тәсілі өз нәтижесін беріп келеді. Мәселен, 2017 жылы түрлі салада 175 музейлік сабақтар жүргізілді: палеонтология, археология, этнография, антропология және Қазақстан тарихы. ҚР МОМ экскурсиялық жұмыс негізінде музейге келушілердіӊ әлеуметтік категориялары мен жас ерекшеліктеріне қарай, жалпы және тақырыптық 4459 экскурсия жүргізілген. Оқу орындарыныӊ тәлімгерлері мен әскери жасақ сарбаздарына арнап 40 тақырыпқа 170 дәріс оқылған.

ҚР МОМ жыл сайын 200-ден астам жалпы білім беру және арнайы мамандандырылған мектептермен, 40 лицей және гимназиялармен, колледждермен және 20-дан астам ЖОО, сондай-ақ мектеп лагерьлерімен жұмыс істеп келеді, - деп сөзін қорытындылады Ғалия Теміртон.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны