10.02.2012, 10:38 4036

Өткен жылы Астана қаласында 1,4 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды

Икімнің айтуынша, тұрғын үй құрылысы саласында өткен үш жылдың ішінде 4 млн. шаршы метр аумақтан астам тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді. Ал бұл 40 мыңнан астам пәтер деген сөз. Алдағы үш жылда әртүрлі қаржы көздерінің есебінен 5 миллионға жуық шаршы метр тұрғын үй іске қосылады.

Астана. 10-ақпан. Kazakhstan Today - Өткен жылы Астана қаласында 1,4 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов қала тұрғындарымен өткізген есеп беру кездесу барысында мәлім етті.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, алдағы үш жылдың ішінде, түрлі қаржы көздерінің есебінен тағы 5 млн. шаршы метрге жуық тұрғын үй іске қосылады.

Икімнің айтуынша, тұрғын үй құрылысы саласында өткен үш жылдың ішінде 4 млн. шаршы метр аумақтан астам тұрғын үй алаңы пайдалануға берілді. Ал бұл 40 мыңнан астам пәтер деген сөз. Алдағы үш жылда әртүрлі қаржы көздерінің есебінен 5 миллионға жуық шаршы метр тұрғын үй іске қосылады.

Тұрғын үй құрылысының 2008-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының аясында жалпы ауданы 390 мың шаршы метрді құрайтын 8,1 мың пәтердің құрылысы әлі жалғасуда. 2011 жылы 156 мың шаршы метрдің 3,1 мың пәтері пайдалануға берілді. Қазіргі таңда жалпы ауданы 243 мың шаршы метрді құрайтын 4974 пәтердің құрылысы жалғасуда, олар ағымдағы жылдың шілде айында пайдалануға беріледі.

Тұрғын үй саясатының тағы бір маңызды бағыты жалға берілетін баспана болып табылады. Өткен үш жылдың ішінде 3 мыңнан астам пәтер жалға берілген.

Үлестік құрылыстардың проблемасын шешудің нәтижесінде, өткен төрт жылда 217 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталып, 40 мыңнан астам үлескердің мәселесі шешілді. Тек қана Астанадағы құрылыстарға мемлекет 107 млр. астам теңге инвестициялады.

2012 жылы да осы қарқынды сақтау міндеті тұр. Ол үшін алдағы үш жылдың ішінде 5 млн. шаршы метрге жуық ауданның тұрғын үйлерін іске қосу жоспарлануда.

Икімнің ақпараты бойынша, елордада "Мыңжылдық Аллеясы", "Хан Шатыр" кешенінің батыс жағы және Қабанбай батыр даңғылы бойынша Иуежай айналма жолынан Сығанақ көшесіне дейінгі аудандарды игеру жұмыстары қарқын алады. Сонымен қатар, инвестициялық жобалар арқылы 1 млн. шаршы метрден астам аумақта тұрғын үй салынады. Және де "Тұрғын үй жинақ банкі" несие жүйесі бойынша алдағы үш жылда 1500 шаршы метр аумақ үй салу жоспарлануда.

Және Елбасы "Қолжетімді баспана-2020" бағдарламасын әзірлеу туралы тапсырма беріп отыр. Бұл бағдарлама 2012 жылдың ортасынан бастап белсенді түрде жүзеге асырыла бастайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны