16.01.2012, 17:22 3780

Өткен жылы білім саласында 5 халықаралық келісім шарт жасалған

"2011 жылы білім саласындағы ынтымақтастық туралы 5 халықаралық келісімшартқа қол қойылды",- делінген ведомство хабарламасында.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - Өткен жылы білім саласында 5 халықаралық келісім шарт жасалған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда білім саласында мемлекетаралық және үкіметаралық деңгейдегі 39 халықаралық келісімшарт бар.

"2011 жылы білім саласындағы ынтымақтастық туралы 5 халықаралық келісімшартқа қол қойылды",- делінген ведомство хабарламасында.

Оған қоса, 2011 жылдың 6 қазанында Астана қаласында ЕурАзЭҚ Ықпалдастық комитетінің жанындағы Білім жөніндегі кеңестің 20-шы отырысы өтті. Сол Кеңес отырысының барысында ЕурАзЭҚ елдерінің Білім министрлері Бірлескен мәлімдемеге қол қойды.

Халықаралық келісімшарттар аясында жыл сайын Қазақстан азаматтары үшін шет мемлекеттердің үкіметтік гранттары (Мысыр елі - 47 орын, Ресей - 100 шақты орын, Түркия - 85 орын, Қытай - 27 орын) және шетелдік азаматтар үшін ҚР Үкіметінің гранттары (Қырғызстан - 3, Беларусь -2, Ауғанстан - 179 (дайындық курстары) және 152 орын - академиялық оқу), Қытай - 72 орын) бөлінеді.

Және ҚР Президентінің тапсырмасына сәйкес, 2011-2012 оқу жылында Қазақстанның жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне Тәжікстанның 100 азаматы қабылданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны