02.06.2008, 18:30 3046

Өткен жылы Қазақстанда алқа би соттары 37 қылмыстық істі қарап, 5 адамды ақтап шығарды

Өткен жылы Қазақстанда алқа би соттары 37 қылмыстық істі қарап, 5 адамды ақтап шығарды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өткен жылы Қазақстанда алқа би соттары 37 қылмыстық істі қарап, 5 адамды ақтап шығарды. Бұл туралы бүгін ҚР Жоғарғы сотының ресми өкілі Константин Харламов баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Республика соттарында 2007 жылы алқа билердің қатысуымен 59 тұлғаға қатысты 37 қылмыстық іс қаралды", - деді К. Харламов. Оның айтуынша, соның ішінде 54 тұлғаға қатысты айыптау үкімі шығарылып, 5 адам ақталып, бір адам өмір бойы бас бостандығынан айрылды.

"Жалпы алғанда, тәжірибе көрсеткендей, жаңа алқа билер соты институты республиканың құқықтық аясына үйлесімді кіріге бастады", - деді К. Харламов.

Осы орайда оның хабарлауынша, "ЕҚЫҰ Қазақстанда 2007-2008 жылдары алқа билердің қатысуымен өткен сот мәжілістеріне мониторинг жүргізу жобасын жүзеге асырды, сондай-ақ, алқа биліктен үміткердердің тізімін жасау тәртібін зерттеді". Оның нәтижесі туралы ұйым өкілдері ағымдағы жылдың 18 маусымында өз есебінің Жоғарғы соттағы тұсаукесерінде жария етпекші.

Қазақстанда алқа билер сотының институты өткен жылдан бастап енгізілді. Алқа билер соты қылмыстық заңмен өлім жазасына кесу қарастырылған қылмыстарға қатысты істерді қарау құзыретіне ие екені мәлім.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны