13.04.2009, 17:03 3491

Өткен жылы оқулықтардың жартысына жуығы қолдануға жарамсыз деп кері қайтарылған

Өткен жылы оқулықтардың жартысына жуығы қолдануға жарамсыз деп кері қайтарылған

Астаран 13 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Өткен жылы барлығы 2936 оқулық пен оқыту-әдістемелік кешенінің тек 1202-і ғана қолдануға ұсынылды, 1107 кері қайтарылды, 338 қайта өңдеуге жіберілсе, 289 оқулықтың сапасы төмен болғандықтан сараптамаға жіберілмеді. Бұл туралы бүгін Астанадағы №60 мектепте Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастырумен оқулықтар сапасы бойынша республикалық кеңесте мәлім болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Жансейіт Түймебаев оқулықтың жаңа буын мектептерін қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталып, олардың мектеп оқушыларының жаңа ақпаратты меңгеруіне және сапалы білім алуына негіз болу қажеттігін атап өтті.

Білім және ғылым министрлігіне қарасты Республикалық сарапшы кеңес оқулықтардың мазмұнын білім стандартына сай қамтамасыз етеді. 2007 жылы 7-11 сыныптарына арналған 240 оқулыққа сараптама жүргізілді. Оның нәтижесінде 58 оқулық редакторлық өзгеріс енгізу үшін, 100 қайта өңдеу үшін кері қайтарылса, 13 оқулық қолданыстан алынып тасталды.

Осы мәселеге қоғамның назарын аудару үшін "Қатесіз оқулық" республикалық акциясы өткізіліп тұрады. Қорытындысы бойынша, оқулық пен оқу-әдістемелік кешендеріндегі фактологиялық, стилистикалық, орфографиялық және т.б қателіктер және мектеп материалдарының ҰБТ тест тапсырмаларына сәйкессіздігі анықталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны