25.08.2015, 14:21 3658

"Өзара іс-қимыл-2015" оқу-жаттығуына қатысушылар арасындағы спорттық жарыста қазақстандық әскери қызметшілер үшінші орынды еншіледі

Ресейдегі Суворов дивизиясыныӊ 76-шы десант аумағында "Өзара іс-қимыл-2015" оқу-жаттығуына қатысушы әскери қызметшілер арасында спорттық жарыстар өтті. Жарыстыӊ қорытындысы бойынша қазақстандық әскери қызметшілер үшінші орынды иеленді

Астана. 25 Тамыз. Kazakhstan Today - Ресейдегі Суворов дивизиясыныӊ 76-шы десант аумағында "Өзара іс-қимыл-2015" оқу-жаттығуына қатысушы әскери қызметшілер арасында спорттық жарыстар өтті. Жарыстыӊ қорытындысы бойынша қазақстандық әскери қызметшілер үшінші орынды иеленді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Таӊертеӊ спортшылар жарысты әскери қолданбалы спорт түрі - граната лақтыру сайысы бойынша ашты. Осы серпілістен кейін қатысушылар армия генералы В.Ф. Маргелов атындағы "Жауынгер" спорт залына орналастырылып, спортшылар гір тасын көтеру, белағашта денені қатайту, болейбол жарыстарын өткізді. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Сонымен қатар қазақстандық мерген әскери қызметшілерден құралған команда электронды ынталандырушы жаттығу құрылғысында классикалық атыс бойынша сайысқа қатысты. Қазақстандық әскерилер 100 метрге жүзуден және 4 және 50 метр аралығында эстафета жарысы бойынша жүзу спортынан артта қалды.

Бұдан басқа Қазақстанныӊ мәдениет күні өткізілді. Осы орайда біздіӊ әскери қызметшілер Қазақстанныӊ тарихы және қазіргі дамуы туралы әӊгімелейтін радиохабар жүргізіп, сондай-ақ тақырыптық көрме мен оқу-жаттығуға қатысқан әр елдіӊ әуені шырқалған концерт ұйымдастырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны