24.08.2015, 20:35 3887

"Өзара іс-қимыл-2015" оқу-жаттығуына қатысушыларға қазақстандық РХБҚ батальоны қару-жарағы мен техникасыныӊ үлгілерін көрсетті

Бүгін Ресей Федерациясы Псков қаласындағы 76 гвардиялық әуе-десанттық дивизиясыныӊ базасында "Өзара іс-қимыл-2015" ҰҚШҰ ЖДҰК оқу-жаттығуыныӊ ресми ашылу рәсімі болды

Астана. 24 Тамыз. Kazakhstan Today - Бүгін Ресей Федерациясы Псков қаласындағы 76 гвардиялық әуе-десанттық дивизиясыныӊ базасында "Өзара іс-қимыл-2015" ҰҚШҰ ЖДҰК оқу-жаттығуыныӊ ресми ашылу рәсімі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Оқу-жаттығуды ҰҚШҰ бас хатшысыныӊ орынбасары Валерий Семериков және РФ ҚК ИДИ қолбасшысы генерал-полковник Владимир Шаманов ашты.

Ашылу рәсімінен кейін оқу-жаттығуға қатысушыларға қазақстандық РХБҚ батальоныныӊ қару-жарағы мен техника үлгілері көрсетілді. Атап айтсақ, олар АРС-14kz газсыздандырылған көліктері, РАСТ-1kz және РАГ-2kz есептік-талдау кешендері, радиациялық және химиялық құрылғылар, 24 сағат бойы әскери қызметшіні улы заттардыӊ барлық түрінен кепілді түрде қорғайтын жаӊа жеке қорғаныс жиынтықтары. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Кез-келген ауа-райында 150 адамды бір уақытта қатерсіздендіретін және газсыздандыратын мүмкіндігі бар далалық арнайы өӊдеу жиынтығын көрсетті.

Сонымен қатар ИДИ қолбасшысы көрсетілген техникалардыӊ үлгілерін мұқият тамашалап, ҰҚШҰ қамтамасыз ету бөлімшелерініӊ әрі қарай дамыту, оныӊ ішінде әскерлерді РХБ қорғанысын, сондай-ақ РХБҚ аумағында мамандарды бірлесіп оқытуды жалғастыру қажеттігін сенімді атап өтті. Мәдени бағдарлама бойынша Қазақстанныӊ ұлттық мәдени күні ұйымдастырылып, оныӊ аясында концерт, ұлттық тағамдар көрсетілген фото-кітапша көрмесі өткізілді.

Бірлесіп өткізген спорттық жарыстарға қатысқан Қазақстандық әскери қызметшілер 3 орынды иеленді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны