30.06.2008, 14:36 3179

Өзбек жағынан Оңтүстік Қазақстан облысының Достық каналына кесте бойынша келісілгеннен аз су келуде

Өзбек жағынан Оңтүстік Қазақстан облысының Достық каналына кесте бойынша келісілгеннен аз су келуде

Шымкент. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Өзбек жағынан Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданындағы Достық каналына кесте бойынша келісілгеннен аз, небәрі 40% су келуде. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Югводхоз" ҚКК су пайдалану бөлімінің бастығы Айгүл Омарова хабарлады.

"Қазір шекарадағы Достық каналына секундына 38 текше метр су келуде, ал маусым айының ортасында ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі су ресурстары комитетінің төрағасы Анатолий Рябцев, Өзбекстанның су және ауылшаруашылығы министрінің орынбасары Шавкат Хамраев пен "Сырдарья" БСШ төрағасы Махмуд Хамитов қол қойан хаттама бойынша маусым айының екінші онкүндігінде біз Достық каналы бойынша секундына 60 текше метр су алуға тиіспіз", - деді А. Омарова.

"Қазір облыста су тапшы. Бар суды біз бөлісіп отырмыз. Ауылшаруашылығының тауар өндірушілері суды аз-аздан кезекпен алуда", -деді А. Омарова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны