29.09.2008, 14:37 2677

Өзбекстан DMCC электронды сауда алаңы арқылы 200 мың тонна мақта талшығын сатпақшы

Өзбекстан DMCC электронды сауда алаңы арқылы 200 мың тонна мақта талшығын сатпақшы

Алматы. 29 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Біріккен Араб Имірліктеріндегі Dubai Multi Commodities Centre Authority компаниясы қазанда DMCC электронды сауда алаңы арқылы Өзбекстанның мақта талшықтарын сата бастайды. Бұл туралы Өзбекстанның Сыртқы экономикалық байланыстар, сауда және инвестициялар министрлігі құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі 12.uz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, қазан айында 100 мың тонна өзбек мақта талшықтарын сату жоспарланса, 2008 - 2009 жылғы маусымда бұл көлемді 200 мың тоннаға дейін жеткізу межеленген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны