16.07.2008, 18:47 3333

Өзбекстан Қазақстаннан ұн импорттау көлемін ұлғайтты

Өзбекстан Қазақстаннан ұн импорттау көлемін ұлғайтты

Алматы. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Өзбекстан Қазақстаннан ұн импорттау көлемін ұлғайтты. Күн сайын тек автокөліктермен елге 1,5 - 2 мың тоннаға дейін ұн тасымалданады, мамандардың есептеуінше, ал жалпы импорт көлемі 400 мың тоннадан кем түспейді, деп хабарлайды агенттік тілшісі осы елдің Uzmetronom.com. атты тәуелсіз интернет-газетіне сілтеме жасап.

Дәл осындай көлем нан бағасының өсімін біраз баяулатып, қуаңшылыққа байланысты астық шығымы нашар болуымен сабақтас биылғы ішкі сұранысты жаба алады. Мамандардың есебі бойынша биыл Өзбекстанда мал азығын қосқанда 3,8 - 4,2 млн тонна астық жиналады. Бұл былтырғы түсімнің 60% тең.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны